Жарияланды: 08.09.2021

0

7 қыркүйекте Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайында ұжымында отырыс өтті, оның барысында мекеме қызметкерлері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін талқылады.

Қатысушылар Мемлекет басшысының пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет жүйелерінің тиімділігін арттыруға, аймақтық саясатты жетілдіруге, саяси модернизациялауға, адам құқығын қорғауға және т.б. бағытталған бастамаларын талқылады.

Мұражай басшысы Светлана Алексеевна Рудик өз сөзінде биылғы Жолдауда айтылған «кәсіби біліктілік туралы» жаңа Заңның қабылдануының өзектілігіне ерекше назар аударды. «Жаңа уақыт қызметкерлерге және олардың құзыреттеріне жаңа талаптар қояды. Кәсіби мәселелерді шешу үшін бүгінде адамның колледжде немесе университетте алатын білім деңгейі жеткіліксіз екені анық. Мұндай заңның қабылдануы кәсіби қоғамдастықты өзін-өзі дамытуға ынталандырады және барлық жастағы адамдар арасында өмір бойы оқыту қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді».

Талқылау қорытындысы бойынша мұражай қызметкерлері Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты биылғы Жолдауы еліміздің пандемиядан кейінгі дамуына бағыт беріп, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

#Qazaqstan30

#Тәуелсіздікке30жыл

#БейімбетМайлинауданы

#бейімбетмайлинауданы

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 18085
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 18085
Барлық келушілер – 0