03.05.2024 13:44

Жарияланды: 28.07.2021

0

Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде ретроаппаратура мен музейдің қор жинақтарынан «Патефоннан магнитофонға дейін» атты пластинкалардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – музыкалық аппаратураның бірегей топтамасын және оның эволюциясын көрсету, келушілерге грампластинкалар, магниттік таспалар мен кассеталардың әртүрлі түрлерін ұсыну. Көрмеде ХХ ғасырдағы кеңестік дәуірдің дыбыс жазу және дыбыс шығару аппаратурасының экспонаттары ұсынылған, бұл музыкалық құрылғылардың КСРО-да пайда болған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейінгі дамуын бақылауға мүмкіндік береді. Кез-келген адам нағыз патефондарды, катушкалық магнитофондарды, аты аңызға айналған кеңестік магнитофондарды, радиоларды және ойнатқыштарды көре алады. Сондай-ақ, көрмеде дыбыс тасымалдаушылары-грампластинкалар ұсынылған. Олар көлемі, мөлшері және бірегейлігі жағынан өте ерекшеленеді. Көрме музыкалық тарих әлеміне енуге мүмкіндік береді. Онымен танысу ересектер үшін де, балалар үшін де қызықты болады: кейбіреулері өткен дәуірдің таңғажайып музыка әлемін ашады, ал басқалары балалық пен жастықты еске алады.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 134
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 134
Барлық келушілер – 0