Жарияланды: 28.07.2020

0

Нысанның орналасқан жері: Алтынсарин ауданы, Сатай ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 5 шақырым.

Омар құдығы – Алтынсарин ауданының көрікті жерлерінің бірі. Осы өлкеде Ыбырай Алтынсариннің атасы Балғожа бидің тұрағы орналасқан.  Балғожа бидің иеліктері Қостанай қаласының, Алтынсарин ауданының (бұрын Арақарағай болысы) аумағын алып жатты. Арақарағай жері Тобылдың сол жағалауымен Қостанайдан «Сосновый бор» шипажайының аумағына дейін созылды. Байырғы атауы тек шипажайдың жанындағы «Арақарағай» орманшарында сақталған. Рудың көшіп-қонған орындары Үлкен Мезгіл, Кіші Мезгіл, Қошанның Мезгілі деп аталған. Ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің  туған жері – Омар құдығы орналасқан Қошанның Мезгілі. Осы маңайда шамамен 50-60 үй болған көрінеді.

1991 жылы сол жерге құдық және ескерткіш тақта орнатылды. Ұлы педагогтің туған жері осы күнге дейін аудан қонақтары мен тұрғындарының үлкен қызығушылығын туғызады. 2018 жылы Омар құдығы қайта қалпына келтірілді.  Енді бұл қолданыстағы су көзі. Оның үстіне, аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жаңа жаппа, кіріс арка тұрғызылды, сонымен қатар саябаққа қоршау орнатылған.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 11903
Пайдаланушылар – 1
Қонақтар – 11902
Барлық келушілер – 0