Жарияланды: 16.12.2018

0

Ильченко Василий Сергеевич 1937 жылы 23 шілдеде Қостанай облысы Таран ауданы Щербиновка ауылында дүниеге келген.

1954 жылдың күзінде мектепті бітіргеннен кейін комбайнда жұмыс істеді, “Чкалов атындағы”колхозында алғашқы тың өнімді жинауға қатысты. 1955 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Таран аудандық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінде есеп жөніндегі экономист болып жұмыс істеді. 1955 жылы Чкалов ауылшаруашылық институтының агрономия факультетіне оқуға түсті. 1960 жылы институтты бітіріп, ғалым агроном және запастағы офицер мамандығын алды. 1960 жылдың мамыр айынан 1965 жылға дейін Таран ауданы “Красносельский” совхозында агроном, агроном-тұқым өсіруші, бас агроном болып жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығында қол жеткізген жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін 1962 жылы Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және дайындау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 1973 жылдың тамыз айында Таран аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы лауазымына ауыстырылды. Басқармада 25 жыл жұмыс істеген В. С. Ильченко еңбегі сіңген демалысқа шықты. Халық шаруашылығын дамытудағы қол жеткізген табыстары, жоспарларды көп мәрте асыра орындағаны үшін 1971 жылы және 1977 жылы екі рет “Құрмет Белгісі” орденімен, “Еңбек Қызыл Ту” орденімен наградталды. 1970 ж., 1973 ж. “КСРО халық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін” медальдарымен марапатталған., 1982 ж.,” Еңбектегі ерлігі үшін”,” В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Ерен еңбегі үшін”,”Еңбек ардагері”.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 13764
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 13764
Барлық келушілер – 0