Жарияланды: 16.12.2018

0

Бердалинов Рақымберген Кенжебайұлы 1928 жылы 2 ақпанда Таран ауданы Қараоба ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы 13 жасынан “Ильич” колхозында басталды. Өзінің алғашқы марапаты-“1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін” медалін 1947 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен алды. 1947 жылдың күзінен бастап комбайнердің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1948 жылы Семиозер кәсіптік техникалық училищесіне комбайншылардың алты айлық курсына түседі. 1954 жылы Тың және тыңайған жерлерді игеру бойынша жұмыстарда ерекше көзге түскен ретінде тың эпопеясының қатысушысы болды, БЛКЖО Орталық Комитетінің “Жаңа жерлерді игергені үшін” белгісімен және “Тың жерлерді игергені үшін” медалімен марапатталды. Өндірістің озаты ретінде ол 1958 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне екі рет және 1964 жылы Мәскеуде өткен АШХВ қатысушысы медалімен марапатталды. КСРО халық шаруашылығындағы жетістіктері үшін 1964 жылы желтоқсанда қола медальмен, 1973 жылы Социалистік жарыстың “Үздігі” белгісімен марапатталды. 1977 жылдың қаңтарында “Құрмет белгісі” орденімен марапатталды. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай “Рассвет” совхозының Құрмет кітабына енгізілген. Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан Қостанай облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің шешімімен 1984 жылдың мамыр айында “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 12743
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 12743
Барлық келушілер – 0