Жарияланды: 28.07.2020

0

Нысан мерзімі: VIII-IХ ғасырлар.

Нысанның орналасқан жері: Арқалық қаласы, Екідің ауылының жанында.

Екідің – ауылға атауын берген, табиғи тастан салынған сфералық пішіндегі екі сәулет өнерінің  құрылыстары. Екеуінің арақашықтығы 4 шақырым. Жалған күмбез сияқты, тақта

тастарды қалағанда диаметрін біртіндеп тарылтып, сыртқы жағынан жартылай сфера тәрізді тұрғызған. Қасбеті шығысқа қараған. Діңдердің жоғарғы жағында ептілікпен саңылау жасалған. 1959 жылы діңдерді зерттеген академик Ә.Х.Марғұланның пікірінше, олар VIII-IX ғасырларға жатады және ертеде киелі, салттық маңызы болған.

Екідің І Бейсен қыстағынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан.  Екідің төбешіктің басына тұрғызылған және алыстан көзге түседі. Әр діңнің диаметрі шамамен 10 метр, биіктігі 3 метр. Екеуінің арақашықтығы 4 шақырым.

Екідің Солтүстік Қазақстандағы мұсылмандыққа дейінгі кезеңнің бірегей құрылысы ретінде ғылыми қызығушылық тудырады. 1980-ші жылдары сол уақытта жарым-жартылай қираған діңдер жергілікті тұрғындар жинаған қаражатқа қалпына келтірілді. Жақында Екідің сәулеттік құрылыстары қайта қалпына келтірілді.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 1771
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 1771
Барлық келушілер – 0