Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық қарттар күніне арналған «Сіздерге деген сүйіспеншілікпен!» атты шеберлік сыныбы өткізілді.
Іс-шара барысында балалар мерекенің мәні, үлкен буынға құрмет көрсету мен қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы сөз қозғап, әжелері мен аталарын, сондай-ақ басқа да жақындарын қандай игі істермен қуантуға болатынын еске түсірді.
Іс-тәжірибелік бөлім өз қолдарымен мерекелік ашықхат жасауға арналды. Қатысушылар алдымен үлгінің бөліктерін түсті қарындаштармен және фломастерлермен бояп, содан кейін оларды ұқыпты қиып алып, элементтерін үлгіге сай желімдеу арқылы ашықхаттарды құрастырды.
Дайын жұмыстар аға буын өкілдеріне арналған сүйіспеншілікпен жасалған жылы әрі шын жүректен шыққан сыйлықтарға айналды. Шеберлік сыныбы жылы әрі шығармашылық атмосферада өтіп, қатысушыларға бірлескен жұмыстан қуаныш сыйлады және өз қолдарымен жасалған сыйлық арқылы қамқорлықтарын білдіруге мүмкіндік берді.