Жарияланды: 31.08.2026

0

Ағымдағы жылдың 31 тамызында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Семей ядролық сынақ полигонының тарихына, ядролық сынақтардың салдарына және оның жабылуының тарихи маңызына арналған «Семей полигоны: жабылғаннан кейін 35 жыл» атты дәріс өткізді.

Дәріс барысында музей қызметкерлері полигонның құрылу тарихы, 1949 жылғы 29 тамыздағы алғашқы ядролық сынақ, ондаған жылдарға созылған сынақтар және олардың халық пен қоршаған ортаға тигізген салдары туралы айтып берді. «Невада — Семей» ядроға қарсы қозғалысына және 1991 жылғы 29 тамыздағы полигонды жабу туралы шешімге ерекше назар аударылды, бұл Қазақстанның бейбітшілік пен ядролық қарусыздануға қарай жасаған маңызды кадамы болды.

Іс-шараға қатысушылар бұл датаның халықаралық маңызы мен Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш позициясы туралы білді. Дәріс тарихи естелікті сақтауға, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және ядролық сынақтардан бас тартудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.

Поделиться материалом