Ағымдағы жылдың 24 маусымында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде мекеме қызметкерлері үшін музей басшысы С.А. Рудиктің қатысуымен «Мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында түсіндіру әңгімесі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәсіби қызмет барысында этикалық нормаларды сақтау және мүдделер қақтығысын болдырмау болды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның түрлері мен пайда болу себептері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нормативтік-құқықтық негіздері қарастырылды. Келушілермен, серіктестермен және жеткізушілермен өзара іс-қимыл мәселелерін қамтитын музей қызметінің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.
Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін типтік жағдайлар таныстырылды. Атап айтқанда: заңсыз сыйақыларды алу немесе ұсыну, көрмелерді ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру немесе қызмет көрсету кезінде мүдделер қақтығысының орын алуы мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында қызметкерлер күнделікті жұмыста ашықтық, заңдылық және кәсіби әдеп қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Әңгіме соңында музей саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тиімді алдын алу әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігіне, ішкі регламенттердің сақталуына және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға тікелей байланысты екендігі туралы қорытынды жасалды.