Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығына арналған «Чернобыль қасіреті» атты тақырыптық сағат ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар 1986 жылғы 26 сәуірдегі қайғылы оқиғалармен танысып, апаттың себептері, оның ауқымы және қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізген ұзақ мерзімді зардаптары туралы мәлімет алды. Ерекше назар апатты жоюға қатысқан ликвидаторлардың, соның ішінде өрт сөндірушілердің ерлігіне аударылды. Олар алғашқы болып өрт пен радиацияға қарсы күреске шығып, батылдық пен жанқиярлық танытты.
Қатысушыларға апат салдарын жою барысы туралы деректер ұсынылып, халықты эвакуациялау және тыйым салынған аймақтың құрылуы мәселелері қозғалды. Іс-шара қайғылы оқиғадан кейін өмірлері түбегейлі өзгерген адамдар тағдырлары туралы әңгімемен толықтырылды.
Тақырыптық сағат соңында қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.