Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері оқушыларға «Тарихи-мәдени мұра нысандарындағы вандализм: жауапкершілік пен салдары» тақырыбында профилактикалық түсіндіру әңгімесін өткізді.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты вандализм — бұл жай ғана мүлікті бүлдіру емес, ол – ортақ жадымыз бен ұлттық құндылығымызға нұқсан келтіру. Мұндай нысандарды қалпына келтіру реставраторлардан орасан зор еңбекті талап етеді, ал кей жағдайда жоғалған элементтерді бастапқы қалпына келтіру мүлде мүмкін болмайды.
Кездесу барысында оқушыларға қоршаған ортада өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау және ескерткіштерге ұқыпты қараудың маңыздылығы түсіндірілді. Өсіп келе жатқан ұрпақ үшін тарихты сақтау әр адамның жеке мәдениетінен басталатынын ұғыну аса маңызды.
Әңгіме соңында қатысушыларға ескерткіштерді қорғау қағидалары мен оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары қысқаша баяндалған ақпараттық брошюралар таратылды.