Жарияланды: 10.12.2025

0

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері “Тәуелсіздік күні – бостандық пен бірлікке жол” атты тарихи сағатты өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан халқының азаттық үшін жүргізген күресінің негізгі кезеңдері, ұлттық батырлар мен қайраткерлердің үлесі, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы қамтылды.Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рәміздердің қабылдануы, ұлттық валютаның енгізілуі, Ата Заңның қабылдануы және ел дамуының стратегиялық бағыттары туралы мәлімет берілді.

Поделиться материалом