Жарияланды: 30.09.2025

0

Халықаралық Қарттар күні – қоғам үшін үлкен маңызға ие, ол бізге аға буынға көмектесу мен құрмет көрсету қажеттілігін еске салады. Осыған орай, 30 қыркүйек күні Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде үйірме мүшелерінің қатысуымен Қарттар күніне арналған «Құттықтау ашықхаты» тақырыбында шығармашылық сабақ өтті. Бұл іс-шара қарттарға қамқорлық пен сый-құрмет көрсетуге, үлкенді ардақтау дәстүрін жалғастыруға, олардың еңбегі мен мемлекет дамуына қосқан үлесін мойындауға бағытталды.

1 қазан – барша ғаламдағы ең мейірімді, қамқор жандарға – ата-әжелерімізге арналған ерекше мереке. Бұл күні олардың өз қолымен жасалған сыйлықтар алғаны қаншалықты қуанышты екені сөзсіз.

Шара барысында балалар шығармашылық пен мейірім атмосферасына еніп, өз қиялы мен даралығын көрсетіп, мерекелік құттықтау ашықхаттарын жасады. Шараның маңызды тұсы – осындай қарапайым да шынайы ықылас білдірудің жақын жандарымызға қуаныш пен күлкі сыйлайтынын ұғыну болды.

Сабақ соңында балалар өздерінің қолөнер туындыларын сыйлауға асықты. Мереке күні олар ашықхаттарын ата-әжелеріне тарту етіп, өздерінің сүйіспеншілігі мен қамқорлығын жеткізе алды.

Поделиться материалом