Жарияланды: 28.08.2025

0

Ағымдағы жылдың 28 тамызында Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде “Қайнар” өлкетану клубы аясында “пойыз жарысы” шеберлік сыныбын өткізді. Қатысушылар теміржолшылардың кәсіптерімен, теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерімен және Теміржолшылар күнінің тарихымен танысты.

Сабақ барысында балалар жұмбақтар шешіп, ойындарға қатысып, тақырыптық басқатырғыштар жинады. Мастер-класс дәстүрлі емес сурет салу техникасындағы шығармашылық жұмыстармен аяқталды — губка мен трафареттің көмегімен жарқын пойыздар жасады.

Іс-шара теміржолшылардың еңбегі мен көліктегі қауіпсіздіктің маңыздылығын еске сала отырып, теміржол әлеміне қызықты саяхат болды.

 

Поделиться материалом