1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде станциялар бойынша қызықты квест-ойын өтті. Станциялардың бірін “менің туған өлкем-менің тарихым тірі”деп аталатын тарихи – өлкетану музейде қызметкерлері дайындады.
Бұл станцияда қатысушыларды туған өлке, оның көрікті жерлері, тарихи оқиғалар мен атақты жерлестері туралы сұрақтар күтіп тұрды. Балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді, туған өлке туралы жаңа фактілерді білді және тамаша білім мен эрудиция көрсетті.
Квест балалар үшін қызықты приключение ғана емес, сонымен қатар туған өлкенің тарихын білуге мүмкіндік болды.