Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Сапар Ерғалиев атындағы ЖББМ 4-6 сынып оқушылары үшін Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері өскелең ұрпақты экологиялық мәдениетке тәрбиелеу , қоршаған табиғатқа ұқыпты қарау, табиғат объектілеріне қатысты өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу мақсатында “Менің туған өлкем” экологиялық сағатын өткізді.
Балаларға адамның кінәсінен туындайтын аймақ пен елдің экологиялық проблемалары, табиғатты неге сақтау керек және оны қорғау үшін әркім не істей алатыны туралы презентация көрсетілді. Музей қызметкерлері экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығы, экологиялық мәселелерді шешудегі әркімнің рөлі туралы айтып берді. Материалды бекіту үшін оқушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінуге бағытталған түрлі тапсырмалар мен ойындарға қатысты. Сабақ соңында балаларға қоқыстарды сұрыптау, экологиялық акцияларға қатысу, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау сияқты экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынылды.
Мұндай іс-шаралар балалардың табиғатқа саналы көзқарасын қалыптастыруға, туған жерге қамқорлық жасауға және оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтауға деген ұмтылысты оятуға көмектеседі.
Leave a Reply