Жарияланды: 15.02.2024

0

15 ақпан Ауған соғысын бастан өткерген әрбір жауынгер мен офицер үшін есте қалатын күн. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы АДР (Ауғанстан Демократиялық Республикасы) айналасындағы жағдайды саяси реттеу туралы 1988 жылғы 14 сәуірде жасалған Женева келісімдеріне сәйкес 1988 жылғы 15 мамырда басталды. Он жылға созылған Ауған соғысына 620 мыңдай кеңес әскері қатысты, оның 22269-ы қазақстандықтар. Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің фойесінде музей қызметкерлері Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Олар Ауғанстанда қызмет етті» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды. Келушілерге сол кездегі Ауғанстандағы қызметі мен әскери қимылдары туралы оқиғаға арналған материалдар ұсынылады: фотосуреттер, құжаттар, ауғандықтардың жеке заттары. Бұл көрме Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде жыл соңына дейін өз жұмысын жалғастырады. Музейге кез келген адам келіп, көрмемен жан-жақты таныса алады.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 567
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 567
Барлық келушілер – 0