5 шілдеде Қазақстан астанасы күні қарсаңында Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде келушілердің назарына «Менің сүйікті Астанам» атты фотоқұжаттық көрме ашылды. Оның аясында Астананың көрікті жерлерінің фотоматериалдары ұсынылған: Бәйтерек-Елорданың символы, Ақорда-Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, саябақтар, бульварлар, музейлер, ойын-сауық орталықтары және тағы басқалар. Сіз олармен музейге бару барысында толығырақ таныса аласыз. Сізді қонаққа күтеміз!
Leave a Reply