Жарияланды: 14.04.2023

0

14 сәуірде Әулиекөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сосновка негізгі орта мектебінің және Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі білім бөлімінің мерейтойлық Жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушылары үшін ZOOM платформасында онлайн-форматта Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Қазақстанның қасиетті жерлеріне саяхат» виртуалды сағатын өткізді. Іс-шара барысында өскелең жас ұрпаққа «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатыны туралы толық түсінік берілді. Сондай-ақ оқушылар Қостанай облысында бүгінгі таңда өңірдің киелі картасын құрайтын 39 қасиетті нысан, Республикалық маңызы бар тізілімге енген 34 киелі нысан және өңірлік тізілімге енген 24 киелі нысан тіркелгенін білді. Қасиетті нысандардың қатарына Журавлевка ауылының маңында орналасқан Жабағылы батырдың жерленген жері де кіреді. Балалар мекеме қызметкерлері дайындаған бейнероликті көріп, онлайн форматта нысанға кіре алды. Сағат соңында оқушылар музейге баруды асыға күтетінін және ауданның киелі жеріне қуанышпен баратынын атап өтті.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 17903
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 17903
Барлық келушілер – 0