Жарияланды: 08.12.2022

0

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында С. Ерғалиев атындағы ЖББМ 6 сынып оқушылары үшін «Қостанай облысының киелі жерлерінің географиясы» атты музей сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Қостанай облысы бойынша жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар тізілімге енген киелі орындар туралы баяндайтын презентациямен танысты, сондай-ақ балалар атақты батыр Жабағының жерленгені туралы білді және аңызбен, оның ерлігімен танысты. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық сипатқа ие еліміздің рухани храмдарына шоғырланған. Қостанай облысынан Қазақстанның киелі жерлерінің картасына батыр-жауынгерлердің жерленуін, ежелгі Екідін ауылы мен Ыбырай Алтынсарин кесенесін қосу ұсынылды. Қостанай облысы бойынша ең танымал 20-дан астам қасиетті орын бар. Олар Амангелді, Алтынсарин, Жангелдин, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Бейімбет Майлин аудандарының және Арқалық қаласының аумағында орналасқан. Бейімбет Майлин ауданының аумағында Қостанай облысының жергілікті маңызы бар 25 тарихи және мәдени ескерткіштері бар.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 3229
Пайдаланушылар – 2
Қонақтар – 3227
Барлық келушілер – 0