Биыл Ұлы Отан соғысының ардагері В.А.Аксененконың туғанына 105 жыл толады, осыған байланысты музей қызметкерлері Б.Майлин атындағы ЖМ оқушылары үшін «Соғыс батырлары ерлікпен даңқты» атты тарихи сағат өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға ҰОС ардагерінің өмірбаяндық деректері, оның әскердегі қызметі, Ұлы Отан соғысына қатысуы, Отан алдындағы ерліктері мен сіңірген еңбектері туралы егжей-тегжейлі айтылды. Сондай-ақ, В.А. Аксененкоға арналған көрмеге назар аударылды.Көрме аясында Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыс қимылдарына қатысушының фотосуреттері, құжаттық қатарлар, марапаттау куәліктері және тағы басқалары ұсынылды.
Leave a Reply