Жарияланды: 19.08.2021

0

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын құруға бастама жасады, жоба аясында қасиетті жерлердің мәдени-географиялық белдеуі құрылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Киелі Қазақстан» орталығы еліміздегі жалпыұлттық 100 киелі нысанның тізімін анықтады.

Бұл қазақ халқының жадында мәңгілік құндылыққа ие және ұлттық бірлік пен қайта өрлеу символы ретінде қызмет ететін ерекше қастерлі табиғи және мәдени мұра ескерткіштері.

Киелі ескерткіштер ретінде «қасиетті» таулар, үңгірлер, өзендер, шатқалдар, ежелгі қалашықтар, ерекше табиғи құбылыстар орындары, рулық ғибадатханалар, қорғандар мен жерлеу орындары, діни табыну объектілері, естелік шайқастар мен ерліктер орындары, ұлы адамдардың, әулиелердің өмір сүру орындары, кесенелер, храмдар және өзге де табиғи, мәдени және тарихи мұра ескерткіштері сияқты табиғи-ландшафттық объектілер орын алады.

Біз онлайн – келушілерімізге шағын бейнекруизге түсіп, республикалық қасиетті нысандар картасына кіретін жалпыұлттық храмдармен танысуды ұсынамыз.

Бейнеролик сілтеме бойынша қолжетімді: https://youtu.be/JktzuGupTp4

Бақытты көруді тілейміз!

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 6984
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 6984
Барлық келушілер – 0