17 мамыр күні Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебінің 5-8 сынып оқушылары үшін мекеменің 30 жылдық мерейтойына орай «Музейдің өз тарихы бар» атты фотоқұжаттық көрменің ашылуы өтті.
Көрменің тұсаукесері барысында оқушылар музейдің құрылысы 1987 жылы басталып, алғаш рет өз есігін 1991 жылы 18 мамырда ашқанын білді. Балалар қор сақтаушысы А.С. Ерғазиеваны қызығушылықпен тыңдады, ол оқушылардың назарын фотосуреттерге аударды және музейдің алғашқы қызметкерлері туралы, тарихи-мәдени мекеменің дамуына үлкен үлес қосқан адамдар туралы, экспозициялардың қалай өзгергені, әр жылдары экскурсиялар мен мәдени-бұқаралық іс-шаралар қалай өткені туралы айтып берді.
Көрмемен танысу соңында балалар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, музей қызметкерлеріне музедің тарихи өткеніне қызықты экскурсия үшін алғыстарын білдірді.
Leave a Reply