Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің аумағында музей аумағының тазалығын сақтауға және абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді.
Акция барысында музей қызметкерлері іргелес аумақты тазалап, тәртіп пен тазалықты сақтауға ерекше көңіл бөлді. Осындай іс-шаралар экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және туған өлке тазалығына деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.