Жарияланды: 21.08.2026

0

Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Андрей Арискиннің «Жарықпен жаңғыру» атты картиналар көрмесі ұсынылды.

Андрей Арискин 1963 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, Рудный қаласында тұрады әрі еңбек етеді. 1989 жылы Н. С. Самокиш атындағы Қырым көркемсурет училищесін «суретші-безендіруші» мамандығы бойынша бітірген. Оның 30 жылдан астам кәсіби қызметі өзіндік ерекшелігімен әрі мәнерлілігімен ерекшеленетін шығармашылық және дизайнерлік жұмыстарды жасаумен тығыз байланысты.

Көрмеге флуоресцентті бояуларды қолдану арқылы акрил техникасымен орындалған 12 туынды қойылған. Бұл жұмыстардың ерекшелігі — жарық өзгерген кезде суреттер жаңаша ашылып, көпқабаттылық пен қозғалыс әсерін тудырады.

«Жарықпен жаңғыру» көрмесі 2026 жылдың 28 тамызына дейін жалғасады.

Поделиться материалом