Ағымдағы жылдың 20 тамызында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Алаш» қозғалысының тарихы мен оның көрнекті қайраткерлеріне арналған «Алаш мұрасы» атты интерактивті викторина өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Алаш қозғалысының тарихымен, оның негізгі идеяларымен және қазақ зиялылары өкілдерінің қызметімен танысты. Ұлттық бірлікті, білім мен мәдениетті дамытуды, қазақ жерінің тұтастығын сақтауды және ұлттық мемлекеттілік құруды ту еткен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Ғаббасов, Мұхамеджан Тынышбаев және басқа да тұлғаларға ерекше назар аударылды. Интерактивті бөлімде қатысушылар «Алаш» партиясының, «Қазақ» газетінің, Бірінші Жалпықазақ съезінің тарихы, сондай-ақ білім, тіл және ұлттық бірліктің маңызы туралы сұрақтарға жауап берді.
Бұл шара қатысушылардың Қазақстан тарихы мен Алаш қозғалысының маңызы туралы білімдерін кеңейтіп, өз өмірін халықтың болашағы мен ұлттық құндылықтарды сақтауға арнаған тұлғалар туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.