Ағымдағы жылдың 19 тамызында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Бейімбет Майлин ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Менің ауданым — менің мақтанышым» атты танымдық бейнекруиз өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар туған өлке тарихына виртуалды саяхат жасап, ауданның құрылу шежіресімен, даму кезеңдерімен және елеулі оқиғаларымен танысты. Өңірден шыққан тұлғаларға, ел азаматтарының еңбектегі жетістіктеріне, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өркендеуіне, сондай-ақ ауданның бүгінгі табыстарына ерекше назар аударылды. Қатысушылар Ұлы Отан соғысының батырларын, тың жерлерді игеру жылдарын және туған өлкенің гүлденуіне зор үлес қосқан тұлғаларды құрметпен еске алды. Жиын соңында пікірлесу өтіп, қатысушылар өз естеліктерімен бөлісті және өз аудандарының қандай жетістіктерімен мақтанатындарын айтып берді.
90 жылдық тарих — бұл Бейімбет Майлин ауданының шежіресін өріп келе жатқан бірнеше буынның тағдыры, адал еңбегі, жетістіктері мен туған жерге деген сүйіспеншілігі.