Жарияланды: 10.06.2026

0

Аудандық «Мәдени мұраға қамқорлық – ұлт болашағына қамқорлық» іс-шарасының бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 10 маусымында Е. Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінің фойесінде Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі Бейімбет Майлин ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Жылдар жаңғырығы» (Память сквозь годы) атты тақырыптық көрмені ұсынды.

Көрмеге өлкенің маңызды оқиғалары: кәсіпорын басшыларының, ауданның еңбек ұжымдарының, еңбек ардагерлерінің еңбектегі жетістіктері бейнеленген мұрағаттық құжаттар мен тарихи маңызы бар фотосуреттер қойылды. Қонақтар мен қатысушылар экскурсия барысында Бейімбет Майлин ауданының тарихымен және даму кезеңдерімен танысты. Келушілердің ерекше қызығушылығын музей қорындағы белгілі тұлғалар — Б. Майлин, Е. Өмірзақов, С. Темірбаев және басқа да көптеген азаматтардың өмірі мен қызметіне қатысты бірегей жәдігерлер тудырды.

Көрме тарихи жадыны сақтауға, мәдени мұраны дәріптеуге және туған өлкенің өткеніне деген құрметті тәрбиелеуге бағытталған.

Поделиться материалом