Ағымдағы жылдың 3 маусымында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде С. Ерғалиев атындағы мектептің жазғы сауықтыру алаңының оқушыларына арналған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты ойын-викторина өтті.
Шара балалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейтуге, патриотизм сезімін, ел тарихы мен мемлекеттік құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға бағытталды.
Шара барысында балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының шығу тарихымен танысып, олардың авторлары мен әрбір рәміздің мағынасы туралы білді. Оқушылар тақырыптық әңгімеге белсене қатысып, викторина сұрақтарына жауап берді, Отан туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер мен тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы өз білімдерін көрсетті.
Шара соңында оқушылар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы және өз Отанына деген сүйіспеншіліктің маңызды бөлігі деген қорытындыға келді.