Жарияланды: 01.06.2026

0

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Балаларды қорғау күніне арналған «Ғажайыптар еліне саяхат» атты ойын бағдарламасы өтті.

Шара басында балалар мерекенің тарихымен және оның маңызымен танысты. Содан кейін жас қатысушылар ертегідегі Ғажайыптар еліне қызықты саяхатқа аттанып, онда оларды көңілді ойындар, байқаулар, жұмбақтар мен қызықты сынақтар күтіп алды.

Балалар «Жанданған экспонаттар», «Сиқырлы қапшық» және «Ғажайыптар елінде кейіпке ен де, қат» ойындарына үлкен қызығушылықпен қатысып, жұмбақтар шешті, ертегі кейіпкерлерінің пазлдарын жинады және Қазақстан туралы блиц-сұрақтарға жауап берді. Ал «Тәжді алып өт» атты командалық ойында балалар ептіліктерін, қырағылықтарын және бірлесіп жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.

Шара барысында музейде қуаныш, достық пен көтеріңкі көңіл-күй атмосферасы орнады. Ойын бағдарламасы балаларға жарқын әсерлер, жағымды эмоциялар сыйлап, жазғы демалыстың тамаша бастауы болды.

Поделиться материалом