Ағымдағы жылдың 20 мамырында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Май балабақша-бөбекжайының тәрбиеленушілеріне арнап «Уақыт машинасы: өткенге саяхат» атты танымдық ойын өткізді.
Шара барысында балалар ойын түрінде көне тұрмыстық бұйымдармен танысып, көп жылдар бұрын адамдардың қандай заттарды пайдаланғанын білді. Бүлдіршіндер «Уақыт машинасы: Бабасын тап» атты қызықты ойынға қатысып, қазіргі заманауи заттардың көне баламаларын — кір жуғыш тақтайды (рубель), сандықты, сияуытты, себетті, самаурынды және басқа да музей жәдігерлерін іздеп тапты.
Тәрбиеленушілер арасында «Ерлік фотожақтауы» интерактивті фотоаймағы ерекше қызығушылық тудырды. Балалар әскери касканы киіп көріп, өздеріне серік ретінде жұмсақ ойыншықтарды таңдады және тарихтың жас қорғаушылары мен сақтаушылары бейнесінде зор ықыласпен суретке түсті.
Іс-шара жылы әрі достық жағдайда өтіп, балаларға жарқын эмоциялар, жаңа білім және туған өлкенің тарихына деген қызығушылық сыйлады.