Жарияланды: 12.05.2026

0

2026 жылғы 20 мамырдан 20 маусымға дейін Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі” КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады.

Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржы-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және басқа да мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.

Егер сізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай да бір ұсыныстар, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі” КММ-де сіз білетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтер болса, оларды электрондық мекенжайға жібере аласыз musey.maylina@mail.kz .

Поделиться материалом