Жарияланды: 08.05.2026

0

Ағымдағы жылдың 8 мамырында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі С. Ерғалиев атындағы мектеп оқушыларына Кеңес Одағының Батыры Сейітхан Нұрмұхамбетұлы Темірбаевқа арналған «Жеңіс туын желбіреткен қайсар қазақ» атты тақырыптық дәріс ұйымдастырды.

Дәріс барысында оқушылар Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Сталинградтан Берлинге дейінгі майдан жолынан өткен Сейітхан Темірбаевтың өмірі мен ерлік жолымен танысты. Әсіресе, 1945 жылдың сәуір айында Берлинді алу кезіндегі ерлігіне ерекше назар аударылды. Капитан Темірбаевтың басшылығымен кеңес жауынгерлері Ландвер каналынан өтіп, стратегиялық маңызы бар көпірді басып алып, оны ұстап тұрды. Бұл кеңес әскерлерінің қала орталығына қарай жылжуына мүмкіндік берді. Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Сейітхан Нұрмұхамбетұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Дәріс Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан батырлар ерлігін еске салып, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен Отанға деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.

Поделиться материалом