Жарияланды: 28.04.2026

0

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Көңілді сарышымшықтар» атты танымдық және шығармашылық шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар жыл бойы кездестіруге болатын кішкентай, шапшаң құстар — сарышымшықтар туралы қызықты мәліметтермен танысты. Қатысушылар олардың тіршілік ерекшеліктері, қоректенуі және табиғаттағы маңызы туралы білді, сондай-ақ құстарға, әсіресе қыс мезгілінде, қалай көмектесуге болатынын талқылады.

Іс-шара соңында балалар өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, «көңілді сарышымшықтар» атты әсем әрі ерекше қолөнер бұйымдарын жасады. Әрбір жұмыс бірегей болып, авторының көңіл күйін айқын көрсетті.

Шеберлік сағаты жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жаңа білім, жағымды әсер мен шығармашылыққа деген шабыт сыйлады.

Поделиться материалом