Жарияланды: 20.04.2026

0

XXXVIII облыстық халық шығармашылығы байқау-фестивалі «Өнеріміз саған, Қазақстан» аясында ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Е. Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің фойесінде Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі тарапынан Бейімбет Майлин ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Жылдар қойнауындағы жады» атты тақырыптық көрме ұсынылды.

Көрмеде архивтік құжаттар мен тарихи маңызы бар фотосуреттер арқылы өңірдегі маңызды оқиғалар, кәсіпорын басшыларының, еңбек ұжымдарының және еңбек ардагерлерінің жетістіктері көрініс тапқан. Экскурсия барысында қонақтар мен келушілер Бейімбет Майлин ауданының тарихымен және даму кезеңдерімен танысты. Көрмені тамашалау кезінде келушілердің ерекше назарын Б. Майлин, Е. Өмірзақов, С. Темірбаев және басқа да белгілі тұлғаларға тиесілі музей қорындағы бірегей заттар аударды.

Көрме тарихи жадты сақтау, мәдени мұраны насихаттау және өткенге құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Поделиться материалом