Жарияланды: 13.04.2026

0

13 сәуір күні Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері С. Ерғалиев атындағы мектептің оқушыларына «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты тақырыптық сағат өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

         Іс-шара барысында оқушыларға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері туралы ақпарат берілді. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде тәуелсіздіктің маңызына, мемлекеттік рәміздердің рөліне және елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылып, бұл олардың алған білімдерін бекітуге және талқылауға белсенді қатысуына ықпал етті.

         Іс-шара жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, өз елінің тарихына деген құрметті қалыптастыруға және тәуелсіздіктің маңызын түсінуге бағытталды.

Поделиться материалом