Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде ауданның 90 жылдығына орай «Тарих беттерінде» атты бейне – дәрістер өтті.
Іс-шара барысында тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінің негізгі белестері мен ауыл шаруашылығының қалыптасу тарихы таныстырылды. «Колос», «Викторовский», «Красносельский», «Белинский атындағы» тың совхоздарының басшыларына, сондай-ақ ауданның дамуына елеулі үлес қосқан Социалистік Еңбек Ері, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Дмитрий Иванович Берлинге ерекше назар аударылды.
Қатысушылар Семенбай Ержанов, Николай Зюков, Иван Слесарчук, Сапар Ерғалиев сынды басшылардың қызметімен танысты. Олардың еңбегінің арқасында инфрақұрылым дамып, мектептер мен мәдениет нысандары салынды, ауыл шаруашылығының экономикасы нығайды.
Бейне-дәрістер қатысушыларға аудан тарихын оның дамуына үлес қосқан тұлғалардың тағдыры арқылы тануға мүмкіндік берді.