Жарияланды: 13.02.2026

0

Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай тақырыптық экскурсия өткізіліп, интернационалист-жауынгерлерге арналған экспозицияға ерекше назар аударылды.

Экскурсия барысында балалар сол кезеңдегі материалдармен — Ауған соғысына қатысушылардың мұрағаттық фотосуреттерімен, құжаттарымен және жеке заттарымен танысты.

Экскурсия оқушыларға отансүйгіштік пен өз жерлестеріне деген мақтаныш сезімін ояту, сондай-ақ бір-біріне деген толерантты қатынасты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

 

Поделиться материалом