Жарияланды: 08.01.2026

0

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері жергілікті суретшілердің “Жаңа жылдық көңіл-күй”атты картиналар көрмесін ұйымдастырды.

Көрме аясында өңір суретшілері Э. А.Голдаде, Т. И. Дубровская, М. Н. Дитиненко, А. В. Бурцеваның (Қаратаева — шығармашылық лақап атты) жұмыстары ұсынылды. Шығармалар қысқы тақырыптар мен жаңа жылдық мотивтерге арналған, қысқы пейзаждардың сұлулығын және мереке күндерінің атмосферасын бейнелейді.

Көрме жергілікті авторлардың шығармашылығымен танысуға және қыс мезгілінің көңіл-күйін сезінуге мүмкіндік береді.

Поделиться материалом