Жарияланды: 31.10.2025

0

Ағымдағы жылдың 31 қазанында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Қайнар» өлкетану клубының қатысушыларымен бірге «Бақытқа арналған тұмар» атты шеберлік сабағы өткізілді. Шара барысында қатысушылар жіптен «Тағалық» тұмарын өз қолдарымен жасап шықты.

Сабақ кезінде қатысушылар тұмар жасау дәстүрінің ежелгі тарихымен танысты. Ертеден-ақ адамдар қарапайым заттардың — тағалықтың, сыпырғыштың, хош иісті шөптердің — киелі әрі қорғаушы күші бар екеніне сенген. Олар бақыт пен береке әкеліп, үйді жамандық пен қиыншылықтан қорғайды деп есептелген. Осындай нышандардың ішінде тағалық ерекше орын алады — ол ежелден-ақ сәттілік, табыс пен молшылықтың белгісі саналған.                                                                                                                                                                Әр қатысушы өз қолымен ерекше тағалық жасап, оған жүрек жылуын, мейірімін және бақыт, сүйіспеншілік пен өркендеу тілегін қосты. Жарқын әрі әсем тұмарлар үйдің сәніне айналып, халық дәстүрі мен рәміздерінің киелі қуатын еске салады.

Поделиться материалом