Ағымдағы жылдың 30 қазанында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Асенкритов жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына шолу экскурсиясы өткізілді.
Экскурсия барысында балалар туған өлкенің бай тарихы мен мәдени мұрасымен танысты, оның көрнекті тұлғалары, дәстүрлері мен естелік оқиғалары туралы білді. Мұражайға бару оқушылар үшін туған жерінің өткеніне танымдық және қызықты саяхат болды.