Жарияланды: 29.10.2025

0

Ағымдағы жылдың 29 қазан күні Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері педагогикалық еңбек ардагері Александр Семёнович Чермошенцевке арналған «Сіздің қарапайым жұмысыңызға баға жетпес» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды.

Семёнович 1952 жылдың 3 қаңтарында Викторовка ауылында (қазіргі Бейімбет Майлин ауданы) дүниеге келген. 1969 жылы Б. Майлин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын туған мектебінде бастаған. Бір жыл жұмыс істеген соң әскер қатарына шақырылып, 1972 жылы Қостанай педагогикалық институтына оқуға түседі. 1977 жылы институтты аяқтап, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі мамандығын алады.

Өмірінің барлығын педагогикалық қызметке арнаған Александр Семёнович бірнеше буын оқушыларға спорт пен салауатты өмір салтын сүюді үйретті. Көпжылдық және адал еңбегі үшін мемлекеттік және аудандық деңгейлерде бірнеше рет марапатталған. Ол «Тың жерлерді игеру үшін» медалімен, сондай-ақ ауданның 80 жылдығына орай аудан әкімінің медалімен марапатталған.

2015 жылдан бастап Александр Семёнович зейнет демалысында. Қазіргі уақытта жұбайымен бірге Айет ауылында тұрады.

Поделиться материалом