Ағымдағы жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Е. Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің қабырғасында ” Менің Қазақстаным, менің мақтанышым!”тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына арналған көрмені ұсынды.
Көрме ел дамуының аса маңызды кезеңдерін – мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдаудан бастап Қазақстанның қазіргі заманғы жетістіктеріне дейінгі фотосуреттерді, сондай-ақ елорданың көрікті жерлері мен халықтың мәдени және рухани мұрасы туралы баяндайтын сәулет нысандарының бейнелерін ұсынады.
Көрменің мақсаты-келушілердің бойында отансүйгіштік, тарихқа деген құрмет пен өз Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.