Ағымдағы жылдың 1 қазанында, Халықаралық қарттар күніне орай, Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері аудандық Е. Умурзаков атындағы Мәдениет үйінде «Біз өмір сүреміз және жасаймыз» атты заттық көрме ұйымдастырды.
Көрмеде музей қорының зейнеткерлердің шығармашылық еңбектері қойылып, жергілікті қолөнершілердің шеберлігі мен әсемдікке құштарлығы көрініс тапты. Әрбір сүйіспеншілікпен жасалған бұйымдар қонақтарға үлкендеріміздің бай тәжірибесі мен асқан шеберлігін паш етеді.
Көрменің мақсаты – үлкендерді құрметтеу, олардың еңбегін бағалау, мәдени дәстүрлерді жас ұрпаққа жеткізу және өшпес мұраны сақтау болып табылады.