1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған. Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай педучилищесінде сырттай оқыған. 1942 жылдың ақпанында әскер қатарына Семиозер АӘК-нан шақырылып, 250-шы атқыштар полкінің құрамында соғысқа қатысқан. 1942 жылдың 19 қыркүйегінде ауыр жарақат алып №241 эвакогоспиталында емделді. 1943 жылы 8 қаңтарда медициналық комиссиясының әскерге жарамсыз деген шешімі бойынша 3 топтағы мүгедек болып елге оралады. Көп ұзамай өзінің бұрынғы кәсібі-ұстаздыққа кіріседі. 1954 жылы зейнеткерлерлікке шыққанға дейін бастауыш мектпетің мұғалімі болып Семиозер ауданының Қожағөл, Иінқұдық, Қосжалтыр, Таран ауданының Кіндіксай, Достияр, Жамбаскөл, Ақтөбе, Қайындыкөл атты елді-мекендерінде қызмет атқарған. Оразалы қарт соңғы кезіне дейін Таран ауданы, Мақсұт селосында тұрды. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген, 9 немеренің, 3 шөберенің, жиен-жиеншарлардың қызығын көрген. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1973 жылы қайтыс болды, Мақсұт селосында жерленген.