Жарияланды: 03.03.2025

0

Махмұтов Бексұлтан Кәкімжанұлы  1926 жылы 26 маусымда Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылында дүниеге келді. 1944 жылдың қыркүйегінде әскерге шақырылды. Орал әскери округінде, Шұбаркөлде, запастағы полкінде қызмет етті. 1945 жылдың науырызында марштық рота құрамында майданға жіберілді. ІІ Бераруссиялық майданының 186 атқыштар дивизиясының 107 бөлек барлау ротасының құрамында соғысқа қатысқан. Ұрыспен Германияға дейін жетті. Одерге жақындаған кезде қорғанысты бұзу барысында аяғы жарақатталды. Жеңіс күні Германияның солтүстігінде қарсы алды. 1948 жылы Ленинградқа офицерлік курстарға жіберілді. Курстарды өтіп болған соң кіші лейтенант лауазымында Германиядағы кеңестік әскерлер тобына іс сапарға жіберілді. Әскердегі соңғы қызметі – артиллериялық дивизионының интенданттық жабдықтау бастығы. 1953 жылдың қазанында запасқа жұмыстан босатылды. Отанға оралып есепші, кейінірек  «Қарабалық»  совхозының бөлімше басқарушысы болып жұмыс істеді. 1954 жылы «Қарабалық» совхозының  бөлімше базасында «Есенкөл» совхозы құрылды. Бексұлтан Кәкімжанұлы осы тың шаруашылыққа ауысып, совхозрабкоптың төрағасы болып тағайындалды. Одан кейін есепші, бригадир көмекшісі болып жұмыс істеді. 1986 жылы зейнетке шықты. ІІ деңгейдегі Отан соғысының орденімен, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін » , «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен, мерейтойлық медальдармен  марапатталған. Кәзіргі уақытта Таран ауылдың тұрғыны деп аталады.

Поделиться материалом