Жарияланды: 28.02.2025

0

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында бүкіл өмірін ауыл шаруашылығын дамытуға арнаған еңбек адамы Б.Ж. Досмұхамбетовке арналған жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған көрменің ашылуы өтті. Ұсталық шеберлікті игере отырып, ол көптеген жылдар бойы ұста болып жұмыс істеді, көптеген комбайндар мен техникалардың “өмірін” ұзартты, Бұл ауыл шаруашылығының дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Көрмеде мұрағаттық құжаттар, жеке фотосуреттер, Ауыл шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін Құрмет грамоталары, ұзақ жылғы адал еңбегі үшін медальдар ұсынылған.
Баршаңызды көрмемен танысуға және Б. Ж. Досмұхамбетовтың еңбек қызметі туралы көбірек білуге шақырамыз!

Поделиться материалом