Жарияланды: 29.08.2024

0

Ағымдағы жылдың 29 тамызы Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен мәдениет қызметкерлеріне арнап «Конституция кемел келешектің кепілі» тақырыбында парасаттылық сағаты өтті.

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, жалпы халықтың немесе қоғамның жекелеген әлеуметтік қабаттарының еркі мен мүдделерін білдіретін және олардың мүдделеріне мүдделі елдің әлеуметтік жүйесі мен мемлекеттік ұйымының маңызды принциптерін бекітеді.         1995 жылы 30 мамырда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы (кейіннен 1998 және 2007 жылдардағы өзгертулер мен толықтырулармен, сондай-ақ соңғы өзгерістер 2022 жылы болды) – еліміздің басты заңы ретінде халықтың еркін көрсетеді.          Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамды жаңғыру жолында топтастырудың, демократиялық институттарды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылудың қуатты факторы болып табылады.         Конституция күнін мерекелеу азаматтардың, әсіресе жастардың арасында конституциялық құндылықтарды қалыптастыруға және таратуға бағытталған өркениетті тәрбиелік іс-шара болып табылады.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 1963
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 1963
Барлық келушілер – 0