Жарияланды: 26.08.2024

0

Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы Төрағасының орынбасары (1987-1990) Сидорова Вера Васильевна.
1934 жылы 15 тамызда Воронеж облысы, Чигольский ауданы, Верхняя Тишанка ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қазан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1958-1959 жылдары Қарасу ауданы «Жамбыл » кеңшарында агроном, агроном-экономист; аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1959-1961 жылдары Қарасу аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы. 1961-1964 жылдары Қостанай облыстық комсомол комитетінің ІІ және ІІ хатшысы. 1964-1965 жылдары облыстық партия комитетінің нұсқаушысы..
1965-1975 жылдары Таранов, Қостанай аудандық партия комитеттерінің хатшысы, 1-хатшысы. 1976 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген агрономы атағы және Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1985-1987 жылдары Орал облыстық партия комитетінің 2-хатшысы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары (1987-1990). 1991 жылдан ҚР Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары.
Бірнеше рет облыстық партия комитетінің мүшесі, республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кеңес әйелдері комитетінің мүшесі, Қазақстан Компартиясы XIII, XII, XU съездерінің делегаты болып сайланды. Ленин орденімен, 3 Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 4557
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 4557
Барлық келушілер – 0