Қарашаның 15-і күні Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ұлттық валютаның 30 жылдығына орай «Ұлттық валюта: өткен жəне қазір» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды.Көрмеге Қазақстан Республикасының әр жылдары шығарылған ақша бірлігі мен монеталарының көшірмелері мен түпнұсқалары қойылған. Сондай-ақ көрмені зерттей отырып, сіз елдің ақша бірліктерінің ұлттық айналымға ену тарихы туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтерді біліп, оның жылдар ішінде қалай өзгергенін көре аласыз.
Leave a Reply